
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен ММА жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Cuba Boxing Club YouTube-арнасына берген сұхбатында әлемдік деңгейдегі супержұлдыз болуға не кедергі екенін ашық айтты.
— Біздің спортшылардың басты мәселесі – белгілі бір шекке келгенде, әрі қарай жылжу қиын. Мысалы, Данияр, сен Райан Гарсия деңгейінде танымал бола алар едің...
— Иә, – деп келісті Елеусинов.
— Бірақ бізде менталитеттік шектеулер бар.
— Иә, расымен солай. Соңғы кезде көп сын айтылып жүр — пікірлерде теріс жазатындар көбейіп кетті. Бірақ біз ондайға мән бермейміз. Себебі олар сенің есеп-шотыңды жаппайды. Иә, адамдардың өз шекарасы, өмірлік қағидалары бар. Бірақ сол шектерден аспай-ақ талантты көрсетуге болады. Дегенмен кейде артық сөйлеп қойсаң, сені жазалауы мүмкін. Ал батыста бәрі "only business" – яғни ешқандай эмоциясыз, тек бизнес үшін жұмыс істейді.
— Мен де осы қағиданы ұстанамын. Егер бірдеңе айтсаң – ісіңмен дәлелде. Өйткені мен солай тәрбиеленгем. Айтып, бірақ орындай алмасаң – бос сөз иесі болып шығасың. Ең бастысы – әрқашан адал және шынайы болу, – дейді Жұмағұлов.
— Жако дұрыс айтты. Айттың ба – жауап бер. Бірақ біз, мұсылмандар, алдын ала рингте не болатынын айтуға болмайтынын білеміз. Сондықтан бұл – лас бизнес, – деп түйіндеді сөзін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.