"Қазақтарды жеңген боксшылар қайта оралды!" – Өзбекстан мықтыларын Бразилияға алып барады
Өзбекстан бокс федерациясы 28 наурыз бен 7 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін алғашқы World Boxing Кубогіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін ресми түрде жариялады.
asal.media
Өзбекстан құрамасы (салмақ дәрежесі бойынша):
- 50 кг – Асилбек Жалилов
- 55 кг – Миразизбек Мирзахалилов
- 60 кг – Мадияр Данияров
- 65 кг – Асадхужа Муйдинхужаев
- 70 кг – Икболжон Холдоров
- 75 кг – Фазлиддин Эркинбоев
- 80 кг – Жавохир Умматалиев
- 85 кг – Акмалжон Исроилов
- 90 кг – Турабек Хабибуллаев
- +90 кг – Жахонгир Зокиров
Өзбекстан сапында бірнеше атышулы спортшылар бар:
- Асадхужа Муйдинхужаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы (71 кг дейін);
- Фазлиддин Эркинбоев – 2025 жылы Болгарияда өткен "Странджа" кіші әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол финалда (80 кг дейін) қазақстандық Ерасыл Жақпековты жеңген;
- Жахонгир Зокиров – аса ауыр салмақтағы мықты боксшы. Ол 2025 жылғы "Странджа" турнирінде (92 кг жоғары) Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбайды тізе бүктірген.
Қазақстан неге сақтықпен қарауы керек?
Өзбекстанның бұл құрамы – толыққанды және тәжірибелі боксшылардан құралған, яғни Қазақстан үшін турнирдегі басты бәсекелес деуге болады. Айта кету керек, Қазақстан бұл турнирге резервтегі құрамды жіберіп отыр. Негізгі құрам Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet