
Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова кезекті ірі жеңіске қол жеткізді. 72 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан балуанымыз алтын медаль үшін 18 жастағы Қытай үміті Юки Лиумен белдесті.
Қарсыласы жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар арасында әлем және Азия біріншіліктерінің күміс жүлдегері саналатын талантты балуан болды. Бірақ тәжірибелі Жәмилә оған еш мүмкіндік қалдырмай, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша біздің команданың көшбасшысы 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол - мұндай жетістікке жеткен үшінші қазақ балуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.
Осыған дейін әйелдер арасында Татьяна Аманжол, Гюзель Манюрова бозкілемде дес бермей, әнұранымызды 4 реттен шырқатқан.
Айта кетейік, отандасымыз күндіз жартылай финалда әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруичиді ұтқан.
Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.
Былтыр Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлдеге қол жеткізген. Медаль алғандар Лаура Әлмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова болды.
Кәсіби жетістіктері:
Жаһандық рейтинг: