Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшылар сегіз алтын медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
30.03.2025, 04:15

Оралда жасөспірімдер арасында бокстан Манарбек Ихсановты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Аталған жарысқа бірнеше елдің жас спортшылары қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері сегіз алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте көш бастады. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Турнирде ел намысын қорғаған келесі жас боксшылар жеңіс тұғырынан көрінді:

  • Айтор Қайырбеков — 44 кг
  • Бекхон Кодирбек — 50 кг
  • Асилхон Ғазиз — 52 кг
  • Жанарыс Дүйсенбай — 54 кг
  • Диас Сәбит — 60 кг
  • Қуаныш Аманқұл — 70 кг
  • Еркебұлан Әлі — 80 кг
  • Нұрбек Сержанұлы — 80+ кг

Қырғызстанның жас спортшылары да жақсы нәтиже көрсетті. Олар келесі салмақтарда төрт алтын медаль еншіледі:

  • Муслим Паншер — 46 кг
  • Зубаир Акрамов — 57 кг
  • Кутман Дүйшоналиев — 63 кг
  • Абубакр Дүйшеев — 66 кг

Тәжікстаннан қатысқан екі спортшы да чемпион атанды:

  • Бехруз Умаров — 48 кг
  • Амир Нозимов — 75 кг

Манарбек Ихсановты еске алу турнирі – жас боксшылар үшін тәжірибе жинап, халықаралық аренада өзін танытуға үлкен мүмкіндік. Қазақстандық спортшылар бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып, ел намысын абыроймен қорғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 1
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір