Қазақстан vs Өзбекстан: Әлем кубогында боксшыларымыз кіммен жұдырықтасады?
Бүгін Бразилия елінде бокстан Әлем кубогы басталады.
arena.olimpbet.kz
Бразилияда 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтетін бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы өз жорығын бастайды. Жарысқа 19 елден 130 спортшы қатысады.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл — World Boxing ұйымы өткізетін халықаралық деңгейдегі маңызды турнирдің алғашқы кезеңі.
Қазақстан боксшыларының қарсыластары
50 кг (1/4 финал):
- Нұрзат Оңғарұлы – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
55 кг (1/8 финал):
- Нұрсұлтан Алтынбек – Майкл Триндаде (Бразилия)
60 кг (1/4 финал):
- Талғат Сырымбетов – Луис Оливейра (Бразилия)
65 кг (1/8 финал):
- Алмат Абдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия)
70 кг (1/4 финал):
- Дархан Дүйсебай – Макан Траоре (Франция) мен Криштиану Перейра (Бразилия) жекпе-жегінің жеңімпазымен
80 кг (1/4 финал):
- Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)
85 кг (жартылай финал):
- Дәулет Төлемісов – Абдулайе Траоре (Франция) мен Джуно (Үндістан) арасындағы жеңімпазбен
+90 кг (1/4 финал):
- Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан)
Турнир кестесі мен құрылымы
Бразилиядағы жарыс — бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі. Жоба үш турдан тұрады:
- 1-кезең: 31 наурыз – 6 сәуір | Бразилия
- 2-кезең: 30 маусым – 7 шілде | Қазақстан
- 3-кезең: 21 – 27 шілде | Өтетін орны әлі нақтыланбаған
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet