Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Назым Қызайбай рингтен қашан кететінін айтты

Редактор Penalty.kz
01.04.2025, 07:02

Әлем чемпионы үшін отбасылық өмір маңыздырақ.

Penalty.kz
Penalty.kz

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Назымның айтуынша, ол спортты отбасылық өмірге алмастыруды жөн санайды. Былғары қолғап шебері бұл туралы «Хабар» телеарнасындағы «Қызық TIMES» бағдарламасында мәлімдеді.

Ана болу – басты миссия

Бағдарлама барысында Назым Қызайбай қыз баласы үшін ана атанған соң спортты доғарғаны дұрыс деп есептейтінін мәлімдеді.

"Жақында Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Біле білсеңіздер, Әйгерім – бес баланың анасы. Алайда, меніңше, күйеуге шыққан соң боксты қою керек. Себебі балаға тәрбие беретін ең бірінші адам – анасы. Егер спорттық мансабыңды жалғастырып, жарыстарға барып, жаттығуларға уақыт бөлсең, балаңның өскенін, қалыптасуын толыққанды көре алмайсың. Сондықтан бұл тұрғыда менің өз ұстанымым бөлек", – деді Назым Қызайбай.

Үш дүркін әлем чемпионы

Айта кетейік, 31 жастағы Назым Қызайбай жуырда Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, өзінің үшінші алтын жүлдесін иеленді. Ал бұған дейін, 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір