Бразилиядағы жарқын бастама: Нұрсұлтан Алтынбек әлем кубогының ширек финалына өтті (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогын сәтті бастады. Додада ел намысын қорғап жатқан Нұрсұлтан Алтынбек алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрсұлтан 1/8 финалда жергілікті фаворит, бразилиялық Михаэль Триндадемен рингке шықты. Қарсыластың өз жерінде өнер көрсетіп жатқанына қарамастан, қазақстандық боксшы төрешілердің 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, Бразилиядағы әлем кубогында Қазақстан құрамасының намысын сегіз боксшы қорғайды. Сонымен қатар әйелдер арасында боксшылар үш салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.