Бес боксшымыздың төртеуі жеңіліп қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Осы күндері Бразилияда бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр. 

Бес боксшымыздың төртеуі жеңіліп қалды
Vesti.kz

Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогында екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық боксшылардың көрсеткіші көңіл көншітпейді: бүгін шаршы алаңға шыққан бес спортшының біреуі ғана жеңіске жетті.

Жеңіске жеткен боксшы:

  • +90 келі: Даниял Сапарбай үндістандық қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Бұл күнгі жалғыз жеңіс осы кездесуде тіркелді.

Жеңіліс тапқан боксшылар:

  • 60 келі: Талғат Сырымбетов бразилиялық боксшыға 0:5 есебімен жол берді.
  • 54 келі: Анита Адишева Польша спортшысына 0:5 есебімен жеңілді.
  • 50 келі: Нұрзат Оңғаров өзбекстандық қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді.
  • 65 келі: Алмат Абдуали де бразилиялық боксшыға 0:5 есебімен есе жіберді.

Бұған дейінгі нәтижелер:

Турнирдің алғашқы күнінде Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетсе, тағы екі спортшымыз қарсыластардың жарысқа шықпауына байланысты жүлделі орынға тікелей өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 4
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір