Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Қазақтың нокауттар королі" чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жек жайлы пікір білдірді

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 16:29

Кәсіпқой бокста екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек Астанада өтетін үлкен бокс кеші алдындағы көңіл-күйімен бөлісті. 

NUR.KZ
NUR.KZ

Сұлтан Зауырбек бүгін Оңтүстік Африканың талантты өкілі Азинга Фузилемен жұдырықтасады. Бұл кездесу "Барыс Аренада" өтетін бокс кешінің қосалқы басты жекпе-жегі болады. Кештің негізгі оқиғасы — орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен Францияның жеңілмеген боксшысы Анауэль Нгамисенге (14-0, 9 KO) арасындағы белбеу қорғау айқасы.

"Бұл — менің Қазақстандағы соңғы төрт жылдағы алғашқы жекпе-жегім. Өз елімде жұдырықтасу — мен үшін үлкен қуаныш. Физикалық әрі психологиялық тұрғыдан толық дайынмын. Көрермендерге әсерлі шоу ұсынамыз. WBA рейтингінің жаңартылған нұсқасында мен екінші орынға көтерілдім. Бұл — чемпиондық белбеуге бір қадам жақындағанымның белгісі. IBF тұжырымы бойынша белбеу қазіргі таңда бос, сондықтан осы айқастан кейін міндетті үміткер атануға үміттімін", — деді Зауырбек.

Британдық журналистер Сұлтан Зауырбекті "Қазақ нокауттар королі" деп атаған болатын. Бұл лақапқа қатысты боксшы өз ойын білдірді:

"Мен әрқашан рингке патшадай сеніммен шығамын. Иә, нокаут — бұл маңызды. Бірақ мен тек соған ғана жұмыс істемеймін. Көрермендер рингке әдемі бокс көруге келеді. Сол себепті мен әрқашан тартысты жекпе-жек, шынайы шоу көрсетуге тырысамын. Нокаут — әр боксшы үшін маңызды, бірақ ең бастысы — көркем өнер көрсету", — деп қорытындылады Зауырбек. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір