
Астанада өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласымыз техникалық нокаутпен жеңді.
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Сабырхан Чехия өкілі Йиржи Хауке (4-7, 2 KO) қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.
Кездесу барысында Хауке екі мәрте нокдаунға түсті. Екінші соққыдан кейін жекпе-жекті жалғастыруға қауқарсыз болып, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Торехан Сабырхан кәсіби мансабын сенімді бастады.
Төрехан Сабырхан әуесқой бокста да жоғары жетістіктерге жеткен. Ол — жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт мәрте алтын медаль иеленген алғашқы боксшы ретінде тарихқа енген.
Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты оқиғасы — Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен француз Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) арасындағы айқас.
WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бұл кездесуде өзінің чемпиондық белбеулерін қорғайды.