Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Балауса Мұздыман: Ангелина Лукаспен айқасу қазір қызық емес (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 22:09

Қазақстандық бұрымды боксшы Астанадағы бокс кешіндегі айқын жеңісінен кейін алдағы жоспарларымен бөлісті. 

NUR.KZ
NUR.KZ

Астанадағы жеңісті жекпе-жек

Қазақстанның кәсіпқой бокстағы жарық жұлдыздарының бірі, сұлулығы мен шеберлігімен танылған Балауса Мұздыман Астанада өткен Battle of the Brave бокс кешінде филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-1, 2 КО) айқын басымдықпен жеңді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді. Бұл — Балаусаның кәсіби рингтегі жетінші жеңісі, оның бесеуі нокаутпен аяқталған.

Жекпе-жектен кейінгі пікір

Жеңістен кейінгі 1bol.kz берген сұхбатында Балауса өзінің тактикалық дайындығы мен қарсыласқа арнайы жоспарланған стратегиясының іске сәтті асқанын айтты. Сонымен қатар, ол бұл жеңістің спорттық мансабындағы жаңа белеске жол ашатынын да жеткізді.

“Бұл менің карьерамдағы ең алғашқы сегіз раундтық жекпе-жегім. Біз үлкен ірі жекпе-жектерге дайындық үстіндеміз. Сол себепті сегіз раунд мен үшін өте жақсы болды деп ойлаймын. Бастапқыда қарсыласым америкалық қыз болған он төртте нөл рекордымен. Бірақ белгісіз бір себептермен ол екі апта қалғанда ауысып кетті. Бірақ біз жақсы дайындықпен келдік деп ойлаймын. Және де филиппиндік қыз өздеріңіз көргендей өте мықты дайындықпен келген”, – деді Мұздыман.

Ангелина Лукаспен жекпе-жек бола ма?

Сұхбат барысында 1bol.kz журналистері Балаусадан Ангелина Лукаспен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туралы да сұрады. 

«Америка Құрама Штаттарына кету ойда бар. Ал Ангелина Лукас тарапынан ешқандай жауап болмады. Сол себепті қазір ол қызық емес.», — деді бұрымды боксшы. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір