ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық дебютант қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Махмұд Сабырхан жекпе-жектің екінші раундында-ақ жеңімпаз атанды. 

Қазақстандық дебютант қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Sportnews.kz

Астана қаласында өткен Battle of the Brave кәсіби бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы жарқын жеңіске қол жеткізді. 55,2 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға алғаш рет шыққан Махмұд Сабырхан өзінің дебюттік кездесуінде жанкүйер сенімін толық ақтады.

Оның қарсыласы – Вьетнам елінің өкілі, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін нокаутпен жеңіп келген Данг Дак Хайнх (2-1, 2 KO) болатын. Алайда бұл жолы қазақстандық боксшының қарқынына шыдас бере алмады.

Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Отандасымыз қарсыласына нақты соққылар бағыттап, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, дебютін жарқын жеңіспен бастаған қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі жолын сенімді бастады.

Бұл жекпе-жек отандық бокс жанкүйерлері үшін үлкен сенім мен үміт сыйлаған сәттердің бірі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.