Реклама
Реклама

Ламин Ямал небәрі 18 жасында тарихи жетістікке жетті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:50

Испания футболының жарық жұлдызы тағы бір рекорд орнатты.

Ламин Ямал

Тарихи нәтиже

"Барселонаның" шабуылшысы Ламин Ямаль 18 жасында 100 нәтижелі әрекетке (гол+пас) жеткен тарихтағы алғашқы футболшы атанды. Бұл туралы One Football парақшасы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

"Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси мен мадридтік "Реалдың" экс-форварды Криштиану Роналду 100 нәтижелі әрекетке 21 жасында қол жеткізген.

Испания чемпионатының 26-туры аясында өткен "Вильярреалға" қарсы матчтан (4:1) кейін 18 жастағы вингердің еншісінде 49 гол және 52 нәтижелі пас бар.

Ямаль бұл межеге 166 матчта жетті. Месси 159 ойында орындаса, Роналдуға 236 кездесу қажет болған.

Реклама
Реклама