Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жаңа бейнесімен жанкүйерлерін таңғалдырды.
Аса титулды спортшы Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, өзінің жаңа шаш үлгісін көрсетті.
«Шашымды сәл қысқартқым келген еді, нәтижесінде мынадай образ шықты — өзімді тойға дайындалып жатқан адамға ұқсаттым. Маған жараса ма? Біртүрлі, әдеттегідей емес. Кейбіреулер осылай жүрген жарайды дейді, бірақ мен көбіне шашымды жайып жүрмеймін», — деп жазды Қызайбай стористе.
Жанкүйерлер оның жаңа бейнесін жылы қабылдап, пікір қалдыруда. Көпшілік Назымның нәзік әрі заманауи кейіпке енгенін атап өтті.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — Қазақстанның ең табысты боксшысы. Оның қоржынында әлем чемпионатының үш алтын медалі және Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдесі бар.
Ол рингтегі қайсар мінезімен ғана емес, спорттан тыс өмірдегі талғамы мен стилімен де ел назарында.