Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Үш рет кездесіп, үйлендік»: Махмұд Сабырханның жары көптің сұрағына жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
05.11.2025, 15:21

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші әйелі Айғаным Ержігітова қоғамда жиі қойылатын сауалдарға жауап берді. 

instagram/@erzhigitovna.a
Реклама
Реклама

Ол болашақ күйеуімен бар болғаны бірнеше мәрте кездескеннен кейін үйленген. 

«Көпшілігі “Қалай таныстыңдар?” деп сұрайды. Жаз мезгілінде үш айдай Астанада болдым. Кейін оқу басталып, Шымкентке оралдым. Сабақ пен жұмыс қатар жүрді. Сол уақытта Махмұд Ливерпульде жарыста жүрген еді. Шынын айтсам, ол кезде оны мүлде танымайтынмын. Бір күні жұмыста отырғанда анам хабарласты. Осылайша, үлкендердің араласуымен біз таныстық. Үш рет кездесіп, үйлендік», — деді Айғаным.

Еске сала кетсек, Махмұл Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының әлем чемпионатында топ жарған. 

Ол 55 келіге дейінгі салмақтың финалыеда испаниялық Рафаэль Лозано Серраномен қолғап түйістірді. Қарсыласын үш раунд бойы толық басымдықпен қыспаққа алып ешқандай мүмкіндік берген жоқ. 

Осылайша Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары