Реклама
Реклама

ҚБФ Сабырхан мен Жүсіповке қатысты пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
04.03.2026, 09:43

Мерей Ақшалов ұлттық құраманың 70 келі салмақ дәрежесіндегі екі әлем чемпионы – Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов арасындағы бәсекеге қатысты пікір айтты.

1bol.kz

Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бас хатшысы Мерей Ақшалов ұлттық құраманың 70 келі салмақ дәрежесіндегі екі әлем чемпионы – Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов арасындағы бәсекеге қатысты пікір айтты.

“Екеуі де тең деңгейде”

Ақшаловтың айтуынша, қазіргі таңда екі боксшының да мәртебесі бірдей – екеуі де әлем чемпионы.

“Қазір Абылайхан – Қазақстан чемпионы. Торехан әлем чемпионатынан кейін 2025 жылғы Қазақстан чемпионатынан босатылған еді. Қазіргі таңда екеуі де әлем чемпионы, сондықтан тең деңгейде. Барлығы алдағы жарыстардың нәтижесіне байланысты болады”, – деді ол Qolda YouTube арнасына берген сұхбатында.

Шешімді бас бапкер қабылдайды

ҚБФ өкілінің айтуынша, ұлттық құраманың негізгі құрамын анықтау мәселесі бас бапкердің құзырында.

“Құраманы анықтайтын – бас бапкер. Біз федерация ретінде тек дайындыққа қажетті жағдай жасап, барлық мүмкіндікті қамтамасыз етеміз. Егер бас бапкер жауапкершілікті өз мойнына алған болса, соңғы шешімді де өзі қабылдайды”, – деп түсіндірді Ақшалов.

Екі әлем чемпионы – бір салмақ

2025 жылы 70 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының екі боксшысы да әлем чемпионы атанды:

  • Төрехан Сабырхан – World Boxing ұйымының Ливерпульдегі әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • Абылайхан Жүсіпов – IBA нұсқасы бойынша Дубайда өткен әлем чемпионатының чемпионы.
Реклама
Реклама