Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Кубеев Алихан

Кубеев Алихан

Бокс шолушысы

Алихан Кубеев — penalty.kz сайтының бокс шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Негізгі тақырыптары — жекпе-жек пен футбол: Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Асу Алмабаев сынды спортшылардың айқастары, «Қайраттың» еурокубоктағы матчтары және қазақстандық ойыншылардың трансфері. Сонымен қатар күнделікті жаңалықтар легін жүргізіп, теннис пен автоспортқа қатысты материалдар дайындайды, Елена Рыбакинаның турнирлердегі өнерін қадағалайды. Сайтта екі жарым мыңнан астам мақаласы жарық көрген.

Жекпе-жек

UFC турнирінің басты жекпе-жегінде қазақ спортшысынан қашқан файтер жазаланды (ВИДЕО)

Мексикада өткен UFC on ESPN 64 турнирінің басты оқиғасы Брэндон Морено мен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек болды. Ең жеңіл салмақта (57 кг дейін) өткен айқаста жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болған Морено бірауызды шешіммен жеңіске жетті.

Футбол

Бразилия құрамасын кім баптауы мүмкін екені белгілі болды. Бұл Анчелотти емес

"Әл-Хилял" клубының бас бапкері Жорже Жезуш Бразилия ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің қатарында. 

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшылар сегіз алтын медаль жеңіп алды

Оралда жасөспірімдер арасында бокстан Манарбек Ихсановты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Аталған жарысқа бірнеше елдің жас спортшылары қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері сегіз алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте көш бастады. 

Футбол

"Бешікташ" Зайнутдиновсіз-ақ "Галатасарайды" сенсациялы түрде жеңді

Ыстамбұлда өткен Түркия чемпионатының 29-турында "Бешікташ" өз алаңында турнирдің басты фавориті — "Галатасарайды" 2:1 есебімен жеңіп, үлкен сенсация жасады. 

Футбол

Айбардың дублі, қызыл қағаз және соңғы минуттағы камбэк: ҚПЛ-да нағыз триллер өтті (ВИДЕО)

Қызылорданың "Қайсары" мен көкшетаудың "Оқжетпесі" Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші турында тартысты ойын өткізді. Матч нағыз футболдық драмаға айналды.

Жекпе-жек

"Титан режимі" іске қосылды: Ризабек Айтмұхан қарсыласын күйретті

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жаңалықтар

Орталық Азияда №1: Тоқаев пен Мирзиёев тау спортына арналған үздік курортты атады

Екі елдің президенттері Алматыда кездесіп,  қаланың тау шаңғы кластерімен танысқан болатын. 

Футбол

"Астана ма, Жетісу ме? Үшінші турдың басты текетіресінде кім жеңеді?

Бүгін ҚПЛ-дың 3-туры басталады. 

Жаңалықтар

Португалия – Қазақстан матчы: төрт гол шешуші рөл атқарды (ВИДЕО)

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (19 жасқа дейін) футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Португалиядан ұтылды. Гондомар қаласындағы матч 3:1 есебімен аяқталды. 

Жекпе-жек

Турки Аль аш-Шейх қазақстандық нокаутерді таңдады

Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Елхан Табынбаевтың WBC және Турки Аль аш-Шейх ұйымдастырып отырған алғашқы Гран-при турниріне ресми түрде қатысатыны белгілі болды. 

Футбол

Карло Анчелоттидің басына бұлт үйірілді. Түрме жазасы жақындап қалды ма?

"Реал Мадридтің" бас бапкері Карло Анчелотти 2 сәуір күні салық төлеуден жалтару ісі бойынша Мадрид сотының алдында жауап береді.

Футбол

Футбол клубтары саудаға түседі: Бұл кімге тиімді?

Қазақстанда жеті кәсіби футбол клубы жекешелендіру жоспарына енгізілді. 

Жекпе-жек

Конор МакГрегор қамаудан аман қалды ма? Ирландия күтпеген шешім қабылдады

Ирландияның Бас прокуратурасы UFC ұйымының бұрынғы қос салмақтағы чемпионы Конор МакГрегорға қатысты қылмыстық іс қозғаудан ресми түрде бас тартты. 

Жекпе-жек

"Сметовтың жасы келіп қалды": Есей Жеңісұлы чемпионның оралуына қатысты ойын айтты

Белгілі спорт сарапшысы әрі комментатор Есей Жеңісұлы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің мансабын жалғастыруына қатысты пікір білдірді.

Жекпе-жек

"Қазақтарды жеңген боксшылар қайта оралды!" – Өзбекстан мықтыларын Бразилияға алып барады

Өзбекстан бокс федерациясы 28 наурыз бен 7 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін алғашқы World Boxing Кубогіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін ресми түрде жариялады.

Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік спортшыларға енді бюджеттен ақша бөлінбейді. Жаңа заң не дейді?

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Сенат тиісті заңды мақұлдады. 

Футбол

Ресей еурокубоктерге оралуы мүмкін. UEFA бұған не дейді?

The Independent дерегіне сәйкес, UEFA-ның ішінде ресейлік клубтар мен ұлттық құраманың қайта қатысуын қолдайтын ықпалды топ бар. 

Жекпе-жек

Азия чемпионаты: Қазақстан грек-рим күрес шеберлері нешінші орын алды?

Иордания астанасы Амман қаласында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтижемен қуанта алмады. Жерлестеріміз небәрі төрт медальмен шектеліп, командалық есепте тек төртінші орынға табан тіреді.

Футбол

«Малаганың» бағы жанбақ: ПСЖ президенті клубты сатып алуға жақын

Қолда бар мәлімет бойынша қаржылық қиындықты бастан өткеріп жатқан клубтың құны небәрі 100 миллион еуроға бағаланып отыр. 

Жекпе-жек

Шок! Әке мен баланың жекпе-жегі өлімге әкеле жаздады (ВИДЕО)

Абырой болғанда, төреші айқасты дер кезінде тоқтатты.