Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Валттери Боттас Формула-1-ге қайта оралмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Финляндиялық шабандоз Валттери Боттас 2026 жылғы маусымда Cadillac командасымен Формула-1 жарысына қайта оралуы мүмкін. 

Валттери Боттас Формула-1-ге қайта оралмақ
reuters.com

Қазір Mercedes командасының қосалқы жүргізушісі Боттас әлеуметтік желідегі әзілге толы видеосымен қауесеттерге от тұтатты. Бейнежазбада ол Cadillac маркалы жол талғамайтын көліктің есігін ашып, жүргізуші орындығын қарап шығады:

"Оу, бұл орындық расымен жақсы екен," – дейді Боттас. – "Қарсылығым жоқ."
"Міне, екі орын бар ғой," – дейді сырттағы дауыс.
"Және екеуі де бос па?" – деп күледі Боттас.
Сұрақ келгенде: "Отырғың келе ме?" – деп, Боттас қысқа жауап береді: "Әлі емес."

Бұл әзілкеш сәт нақты келісім туралы ештеңе растамаса да, сарапшылар тарапынан Cadillac командасымен келіссөздер жүріп жатқанының айғағы ретінде қабылданды.

Cadillac 2026 жылы Формула-1-ге кіруді жоспарлап отыр. General Motors құрамындағы бұл бренд F1 әлеміне кіру арқылы америкалық автоспорт өкілдігін кеңейтуге ниетті.

Боттастың мансабы

2024 жылдың соңында Sauber командасынан кеткеннен кейін Боттас Формула-1-дегі негізгі орнын қайта иеленгісі келетінін бірнеше рет ашық айтқан.

  • Формула-1-дегі дебюті: 2013 жыл
  • Жалпы жарыстар саны: 250-ге жуық
  • Жеңістер саны: 10
  • Подиум саны: 67
  • Соңғы жеңісі: 2021 жылы Түркия Гран-приі

Айта кетейік, Боттас Williams, Mercedes, Alfa Romeo және Sauber командаларында өнер көрсетті. Енді оның жаңа кезеңі Cadillac-пен жалғасуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір