
Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз жүктемесін есепке алмай несие береді.
2024 жылғы 24 сәуірден бастап несиеге жаңа автомобиль алғанда қарыз мөлшері ескерілетін. Бірақ бүгіннен бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары қарызын төлей алмай жүрген азаматтарға және ескі көлік алатындарға да несие рәсімдей алады. Бұл туралы kolesa.kz жазады.
Жаңа қаулының шарттары
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін автонесие беру кезінде қарыз жүктемесі коэффициенті есепке алынбайды, егер:
Құжатты әзірлеушілер бұл қадамға отандық автоөнеркәсіпті қолдап, жеңілдікті автонесие шартымен автомобиль сату мақсатында барғанын айтты. Бірақ қаулы мәтінінде машинаның шыққан жері туралы нақты талап жоқ. Демек тұрғындар кез келген елде шыққан автомобильді несиеге ала алады. Ең бастысы, алғашқы жарна төлеу керек.