Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сахнадағы күтпеген жағдай: Жанар Дұғалованы жылжымалы камера қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
27.04.2025, 06:31

Әнші Жанар Дұғалова сахнада ән айтып, би билеп жүрген сәтінде күтпеген жерден жарақат ала жаздады.

Сахнадағы күтпеген жағдай: Жанар Дұғалованы жылжымалы камера қағып кете жаздады (ВИДЕО)
Caravan.kz

Жарияланған бейнежазбада сахнада белсенді қозғалыста жүрген Жанардың артынан кенет жылдамдықпен келе жатқан жылжымалы камера соғып өткені анық байқалады. Оқиға орнында абдырап қалған әнші болған жағдайды бірден түсінбей, артқа шегініп, камера жаққа ала көзімен қарап, жұдырығын түйіп көрсеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікірлерін білдірді. Бірі:

  • "Камера неге сонша жақындап кеткен?" 
  • "Жанарды құлатып қоя жаздады ғой" 
  • "Абырой болғанда, аман қалды" 
  • "Көп секірмесін деген ескерту сияқты"

— деп әзіл-шыны аралас ойларын жазды.

Абырой болғанда, Жанар Дұғалова бұл келеңсіздіктен айтарлықтай жарақат алмай, өнерін әрі қарай жалғастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 5

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір