Әнші Димаш Құдайберген фан-кездесу кезінде тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалған операторға көмектесті. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалды.
Инцидент фан-кездесу барысында Дастан Оразбеков пен DQ балетінің өнер көрсетуі кезінде болған. Сахнадағы сәтті түсіріп жүрген оператор шегініп бара жатып, абайсызда тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалған.
Оқиғаны сырттай бақылап отырған Димаш Құдайберген еш ойланбастан орнынан тұрып, операторға көмекке жүгіріп барды. Әншінің көмегімен оператор орнынан тұрып, сахнадан шықты. Ал Димаш қайтадан өз орнына жайғасып отырды.
Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары Димаштың қарапайымдылығы мен адамгершілігін ерекше атап өтті.