
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жаңа видеосымен жанкүйерлерін қуантты. Спортшы қыздың дене пішіні мен дайындығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында жаттығу залындағы видеосын жариялап, жанкүйерлерін тағы бір мәрте тәнті етті. Қара түсті спорттық киім киген волейболшының мінсіз мүсіні мен жоғары физикалық дайындығы көзге бірден түседі.
Спортшының видеосы Stories бөліміне жүктелген. Қысқа ғана бейнежазбада Сәбина өзіне сенімділікпен позада тұрып, спортпен шұғылданудың нәтижесін көрсетеді.
Алтынбекова өз жарияланымына ирониямен: "Фотошоп? Жоқ, бұл – спорт" деген жазба қалдырды. Осылайша ол дене мүсінінің артында ұзақ уақыттық еңбек пен жаттығу тұрғанын ашық меңзеді. Бұл жазба көпшілікке шабыт сыйлап, жасөспірім қыздар арасында салауатты өмір салтына қызығушылықты арттыруы мүмкін.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Алтынбекова бес жылдық некеден кейін ресми түрде ажырасқанын хабарлаған. Ерлі-зайыптылардың 2021 жылы дүниеге келген ортақ баласы бар. Осы оқиғадан кейін спортшының өмірі мен әлеуметтік желідегі белсенділігі жұрт назарында.