Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Жаным": Қайрат Нұртас жұбайына алғыс айтып, Жұлдыз жағымды жаңалықты меңзеді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 16:33

Әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімоваға ерекше ықыласын білдірді. Ал актриса жақын күндері өміріндегі жақсы жаңалықты айтатынын жеткізді.

esquire.kz
esquire.kz

Қайраттың "дәмді" алғысы

Қайрат Нұртас Instagram сторисінде жариялаған видеосында үстел үстінде тұрған екі тостағанды көрсетеді: бірі — құлпынайға, екіншісі — шиеге толы.

"О, жаным Жұлдыз, рахмет саған", – дейді бейнероликтегі Қайрат. Әншінің бұл сөзі жұбайының қамқорлығына риза болғанын байқатты.

Жұлдыз әлеуметтік желіден уақытша алыстап, өмірлік өзгеріс жайын меңзеді

Соңғы күндері Жұлдыз Әбдукәрімованың парақшасына жазылушылар оның желіден көрінбей кеткенін айтып уайымдаған. Алайда актриса оқырмандарын тыныштандырып, бәрі жақсы екенін айтты.

"Қазір мен тыныштық әлеміндемін және осы сәтпен рахаттанып жүрмін", – деп жазды ол.

Жұлдыздың айтуынша, ол жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты желіден сәл үзіліс алған.

"Маған аздап әлеуметтік желіден алыстауға тура келді. Қуаныштымын, қазіргі сәтпен өмір сүріп жүрмін. Жақында өмірімдегі үлкен өзгерістермен бөлісемін. Сіздерге жақсы жаңалығым бар. Бірақ ол туралы 1000 пайыз сенімді болғанда ғана айтқым келеді", – деп жариялады актриса.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір