Футболдағы ең қымбат ұсыныс: Роналдудың 5 миллиондық махаббат символы
Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске құны 5 миллион доллар тұратын жүзік сыйлады.
Әлемді таңғалдырған әшекей
Page Six-ке сұхбат берген зергер Аджай Ананд орталық тастың салмағын 30 караттан жоғары деп бағалап, оның түсін D категориясында деп сипаттады. Мұндай әшекейдің бағасы шамамен 5 миллион доллар болуы мүмкін.
Ал Лондондағы 77 Diamonds зергерлік үйінің басқарушы директоры Тобиас Корминд бұл жүзікті атақты Тейлор-Бертон бриллиантымен салыстырды. 69,42 караттық тас Голливуд тарихындағы ең әйгілі әшекейлердің бірі болған. Корминд Роналду сыйлаған жүзікті дәл осы деңгейдегі сән мен салтанат үлгісіне жатқызды.
Қарым-қатынас тарихы
40 жастағы Роналду мен 31 жастағы испаниялық модель Джорджина Родригес 2016 жылдан бері бірге. Джорджина футболшыға екі қыз — Алана Мартинамен Белла Эсмеральданы сыйлады.
Роналдуның романтикалық ұсынысы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, пікірлер екіге бөлінді: біреулер мұны шынайы махаббат пен жомарттық белгісі деп санаса, енді біреулер "шектен тыс сәнқойлық" деп сынады.