
Үкімет отырысынан кейін Қаржы министрі Мәди Такиевке онлайн-концерттер мен үйлену тойларының тікелей эфирінен түскен табысқа салық салу мәселесі жөнінде сұрақ қойылды.
Журналистер соңғы уақытта танымал қазақстандық өнерпаздардың өз концерттері мен тойларын әлеуметтік желілерде жазылу арқылы сату тәжірибесін атап өтті. Мысал ретінде Сәкен Майғазиев пен Қайрат Нұртас ұйымдастырған шаралар келтірілді.
Мәди Такиевтің айтуынша, мұндай табыс кез келген басқа кіріс секілді міндетті түрде декларацияда көрсетілуі керек.
Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:
“Салық төлеу қажет. Конституцияға сәйкес, әр азамат салық төлеуге міндетті. Егер қосымша табыс болса, оған да салық салынады. Мысалы, әртіс той өткізеді, оны TikTok арқылы көрермен тамашалайды. Бір жылда түскен барлық табыс 2026 жылдың 31 наурызына дейін декларацияда көрсетілуі тиіс. Ал 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін 10 пайыз салық төленеді”.