Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип Betsson
Бонус 150 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.10.2024, 18:00

Елордада үш мыңнан аса домбырашы бір мезетте күй орындап, Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. 

Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты (ВИДЕО)
gov.kz

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам оқушы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін күмбірлетті.

«Бұған дейін ешқашан бір залда 3200-ден астам музыкант күй немесе басқа музыкалық шығарма орындап көрген жоқ. Бұл жөнінде осы іс-шара осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды басып озып отыр. Әлем бойынша да ең үлкен музыкалық рекордтардың бірі болғалы отыр деуімізге болады. Десе де біздің негізгі мақсатымыз – ел аймағы бойынша Қазақстан рекордтар кітабына тіркеу. Ал бұл мақсатымызға бүгін толық жеттік деп айта аламыз. Осы процесті арнайы сарапшыларымыз бақылап отырды. Балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы саралады», - деді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Айта кетсек, алдыңғы рекорд 2018 жылы Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында өткен шарада тіркелді. Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 1750 орындаушы тартты. Ал 2010 жылы Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 мың домбырашысы бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындап, Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 10
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір
Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 150 000₸ салым бонусы үшін қосылу