
Америкалық спортшының жағажай киіміндегі фотосы желі оқырмандарын таңқалдырды.
Жақында ғана волейболдан кеткен америкалық спортшы Кайла Симмонс өзінің жаңа фотосын Instagram желісінде жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Ашық жағажай киіміндегі фотосы қызу пікірталас тудырды. Тіпті оқырмандарының саны 1 миллионнан асып кетті.
Кайла Симмонс ұзақ жылдар бойы волейболмен айналысып, АҚШ-тың беделді NCAA студенттік лигасына қатысатын Маршалл университетінің командасында ойнады. Бұл лигада көпшілік кәсіби спортқа жол тартады.
Алайда, волейболмен қатар, Симмонс әлеуметтік желіде ашық фотоларын жариялауды да ұнататын. Университет әкімшілігі бұл әрекетті құптамады және одан нақты таңдау жасауды талап етті: спорттық мансабын жалғастыру немесе әлеуметтік желідегі белсенділігімен айналысу.
Ұзақ ойланғаннан кейін Кайла Симмонс волейболдан бас тартып, блогерлік пен модельдік мансабын таңдады. Оның әлеуметтік желідегі танымалдығы тез өсті, нәтижесінде түрлі жарнамалық келісімшарттар жасасып, сән әлемінде өзін таныта бастады.
Бүгінде ол Instagram желісінде миллиондаған жанкүйері бар табысты модель және инфлюенсер ретінде танымал. Оның бұл шешімі кейбір спорт жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болса да, Симмонс өз жолын тауып, жаңа мансабында табысты болуда.