
Бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары жуырда әлеуметтік желіде арнайы би жариялаған болатын.
Сербияда бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті. Боксшыларымыз үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Осыған байланысты Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова турнир аяқталасалысымен Түркияның чемпионы Бусеназ Сюрменелимен бірге чемпиондық би орындады.
«Әлем чемпиондарынан бір тренд😍 @busenazsurmeneli қазақ қыздарымен көп жылдан бері құрбы….Қазақ-түрік достығы», – деп жазды Қазақстан бокс федерациясы.
Жанкүйерлердің пікірлері:
Айта кетейік, Сербияда өткен әлем чемпионаты 16 наурызда аяқталды. Бұл сында Назым Қызайбай Қазақстан тарихында алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанса, Алуа Балқыбекова өзінің алғашқы алтын жүлдесін иеленді.
Сондай-ақ, Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына үшінші "алтын" салды.