Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Olimpbet қолдауымен өткен MPL 3 финалы: халықаралық бәсеке және K27 чемпиондығы

Сарапшы, спорт журналисі

Алматыда Counter-Strike 2 бойынша Қазақстандағы ең ірі турнир – MPL by Olimpbet-тің үшінші маусымы өз мәресіне жетті. MPL by Olimpbet шешуші кезеңі халықаралық командалар құрамын, стадиондық форматтағы көрермендерді жинап, Қазақстандағы киберспортқа толы жылдың қорытындысына айналды.

Olimpbet қолдауымен өткен MPL 3 финалы: халықаралық бәсеке және K27 чемпиондығы
olimpbet.kz

MPL by Olimpbet-тің үшінші маусымы қатысушылар географиясы бойынша ел тарихындағы ең ауқымды киберспорттық оқиға болды және қазақстандық турнирлер үшін бұрын-соңды болмаған 20 миллион теңге көлеміндегі жүлде қорымен ерекшеленді.

Үш маусымның қорытындысы бойынша Counter-Strike 2 бағытындағы Қазақстандағы топ-лига – MPL by Olimpbet-тің жалпы жүлде қоры шамамен 100 000 АҚШ долларын құрады.

Фото: olimpbet.kz

Үшінші маусымның LAN-финалы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтті. Халықаралық деңгейдегі командалар қатысқан финал MPL-дің елдегі басты киберспорт турнирі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Фото: olimpbet.kz

«2025 жыл біз үшін жергілікті киберспорт сахнасын қолдаумен өтті. Биыл өткен MPL-дің үш маусымының нәтижесіне қарап, қазақстандық лигаға деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. LAN-финалда халықаралық рейтингте жоғары тұрған командалар өнер көрсетті. Бұл жарыстар деңгейінің тұрақты өсіп жатқанын және Қазақстанның әлемдік киберспорт картасындағы мәртебесінің нығайғанын көрсетеді», – дейді Olimpbet компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Геннадий Шемраев.

Фото: olimpbet.kz

Интригасы жоқ гранд-финал

MPL финалындағы соңғы ойын күні төменгі кестедегі матчтан басталды. Онда WHITEBIRD пен Oxuji командалары кездесті. Екі картада да Oxuji қарсыласына лайықты қарсылық көрсетіп, камбэк жасауға мүмкіндік алды. Алайда WHITEBIRD салқынқандылық танытып, серияны 2:0 есебімен аяқтады.

Турнирдің шешуші матчында WHITEBIRD маусымның басты фавориті – Valve әлемдік рейтингінің топ-40 қатарына кіретін K27 командасымен кездесті.

Фото: olimpbet.kz

Гранд-финалда интрига болған жоқ. K27 серия барысын толық бақылауда ұстап, қарсыласына бірде-бір картаны бермей, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Қауымдастықты қолдау

Негізгі турнир матчтарынан бөлек, MPL Season 3 финалы киберспорт қауымдастығы үшін ауқымды шараға айналды. Алаңда Counter-Strike 2, FC 26 және Tekken 8 бойынша әуесқой турнирлер өтті, ойын аймақтары мен фан-белсенділіктер ұйымдастырылды.

Фото: olimpbet.kz

Іс-шараның атмосферасын MOREART және Кисло-Сладкий өнерпаздары қыздырса, арнайы қонақтардың, соның ішінде қазақстандық Counter-Strike аңызы Дастан Ақбаевтың қатысуы көрермендер үшін ерекше әсер сыйлады.

Фото: olimpbet.kz

«Жалпы алғанда, 2025 жыл Қазақстандағы киберспорт үшін өте қарқынды өтті. Жергілікті де, халықаралық та көптеген турнирлер ұйымдастырылды. Ал MPL-дің үшінші маусымы осы жылдың логикалық әрі қуатты қорытындысына айналды.

Көрермендер алаңда толық бір күн өткізе алуы үшін біз офлайн бағдарламаны әдейі кеңейтіп, өнерпаздардың өнерін, белсенді аймақтарды және мини-турнирлерді қостық. Біз үшін MPL – бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар Қазақстандағы киберспорт мәдениетінің дамуына қосылған үлес», – деді MySkill компаниясының бас директоры Ярослав Мун.

Фото: olimpbet.kz

MySkill Pro League – MySkill компаниясы ұйымдастырған қазақстандық киберспорт лигасы. Елдегі CS2 бойынша ең ірі турнирлердің қатарына кіреді. Olimpbet тарапынан көрсетілген қолдау MPL-дің ауқымын кеңейтіп, халықаралық назар аударуға және Қазақстандағы киберспортты анағұрлым кәсіби әрі көрерменге тартымды етуге мүмкіндік берді.

Olimpbet – беттинг, спорт және ойын-сауық индустриясындағы жетекші қазақстандық компания. Ол спорттық жобалар мен ұйымдарды белсенді түрде қолдайды. 2025 жылы компания MySkill Pro League-тің үш маусымын өткізуге қолдау көрсетіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық әйелдер киберспорт лигасы – әлемдік CS сахнасындағы tier-1 командалар қатысқан Female Pro League турнирін ұйымдастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір