Жуырда MOUZ жұлдызы 2026 жылдың болашақ сенсациясын атады. Ол небәрі 16 жаста.
CS2 бойынша MOUZ командасының райфлері Лотан Spinx Гилади 2026 жылы кәсіби сахнада жұлдызы жануы мүмкін жас киберспортшыны атады. Ол HLTV.org сайтына берген сұхбатында 16 жастағы швед ойыншысы Лиам MaiL09 Тюгельді ерекше атап өтті.
Spinx-тің айтуынша, ол MaiL09-ға қарсы FACEIT платформасында бірнеше матч өткізген.
«Мен онымен FACEIT-те бірнеше рет ойнадым. Ол шынымен мықты әрі өте зерек ойыншы. FACEIT ладдерінде топта жүрген кезде қаншалықты тез өсіп кетуге болатынын бәріміз білеміз», — деді MOUZ райфлері.
Лиам Тюгель (MaiL09) қазір 16 жаста. Швеция елінің тумасы. Counter-strike-тағы дебюті 2021 жылы болған.
2025 жылдың шілде айында MaiL09 шведтік Metizport клубының қатарына қосылды. Алайда жарты жылға жетпей команда оны қосалқы құрамға ауыстырғанын жариялады.