Жасарту, дене саулығы және энергия: Денсаулықты жақсартатын тағамдар тізімі

Спорт шолушысы

Дұрыс әрі теңгерімді тамақтану – салауатты өмір салтының негізгі бөлігі. Ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдар жеткілікті болуы үшін рационға пайдалы өнімдерді қосу аса маңызды.

Жасарту, дене саулығы және энергия: Денсаулықты жақсартатын тағамдар тізімі
здоровое-питание.рф

Мамандар ұсынған денсаулыққа пайдалы 10 өнім: 

1. Инжир – жүрек пен сүйек саулығы үшін

Инжир – табиғи тәтті, балдай дәмі бар жеміс. Ол калийге бай, бұл элемент қан қысымын реттеугекөмектеседі. Сонымен қатар инжир құрамындағы кальций сүйек пен тіс саулығын сақтауға ықпал етеді. Жемістің құрамындағы флавоноидтар – иммунитетті нығайтатын табиғи антиоксиданттар.

фото: stupinoadm.ru

2. Руккола – көздің көру қабілетіне пайдалы көк

Руккола – дәрумендерге бай жапырақты көкөніс. Онда кальций, А және К дәрумендері, сондай-ақ антиоксиданттар көп, олар көз саулығын сақтап, қартаю үдерісін баяулатуға көмектеседі.

фото: ria.ru

3. Порей пиязы – жүрек пен қан тамырын қорғаушы

Порей пиязы – антиоксиданттарға бай көкөніс. Олар қатерлі ісік пен жүрек ауруларының алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар порей құрамындағы фолий қышқылы әйелдер үшін аса маңызды, әсіресе жүктілікті жоспарлау кезінде.

фото: sb.by

4. Фасоль – вегетариандарға арналған темір мен ақуыз көзі

Фасоль – ақуызға, темірге және клетчаткаға бай. Клетчатка асқазанды ұзақ уақыт тоқ сезіндіреді, сол арқылы салмақты реттеуге және жүрек саулығын сақтауға көмектеседі.

фото: ferma.expert

5. Спаржа – иммунитетті көтеретін табиғи көмекші

Спаржа құрамында глутатион бар – бұл қатерлі ісіктерге қарсы тұра алатын күшті антиоксидант. Сонымен қатар А, С және К дәрумендерімен, темірмен байытылған.

фото: 

6. Ақ қауданды қырыққабат – әйелдер денсаулығы үшін маңызды

Қырыққабат – фолий қышқылының, кальцийдің және С дәруменінің көзі. Әсіресе әйелдер үшін пайдалы, себебі бұл дәрумендер мен минералдар жүктілік кезінде де, күнделікті өмірде де маңызды.

фото: m.povar.ru

7. Сәбіз – көзге пайдалы және теріні қорғайды

Сәбіз құрамында бета-каротин көп – бұл антиоксидант көз саулығын жақсартады, теріні жасартады және қатерлі ісік ауруларының кей түрлерінен сақтайды.

фото: delfi.lt

8. Брокколи – С дәруменінің нағыз чемпионы

Брокколи – көпқұрамды көкөніс. Ол апельсинге қарағанда С дәруменін көп мөлшерде қамтиды. Сонымен қатар, клетчаткаға, бета-каротинге және фолий қышқылына бай.

фото: rbc.ru

9. Манго – иммунитет пен әйелдер денсаулығына қолдау

Манго – С және А дәрумендерінің табиғи көзі. Бұл жеміс жүйке жүйесін, иммундық қорғанысты қолдап, жатыр мойны обырының алдын алуға көмектеседі.

фото: lifehacker.ru

10. Ақсерке – ми және жүрек саулығына арналған супертағам

Ақсерке құрамындағы Омега-3 май қышқылдары ми қызметін жақсартады, жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы тұрады және қабыну үдерістерін азайтады. Аптасына кемінде бір рет ақсерке жеу ұсынылады.

фото: skomorohi.su

Бұл өнімдерді күнделікті немесе апталық рационға қосу арқылы сіз иммунитетіңізді нығайтып, энергия деңгейіңізді арттыра аласыз. Әр өнімнің денсаулыққа пайдасы ғылыми зерттеулермен расталған және дұрыс тамақтану мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.