Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жаттығудан кейін протеин емес, қымыз немесе шұбат ішіп көрдіңіз бе?

Сарапшы, спорт журналисі
07.09.2025, 09:50

Қазақтың ұлттық сусындары қымыз бен шұбат ежелден денсаулықтың кепілі саналған. Бүгінде оларды тек дәстүрлі тағам емес, спортпен айналысатын адамдарға арналған табиғи энергетик деп қарастыруға болады. 

фото: ашық дереккөздерден алынған
фото: ашық дереккөздерден алынған

Қымыздың қасиеті

Бие сүті – құрамы жағынан ана сүтіне ең жақын табиғи өнім. Ерте заманда шала туған сәбилерді саумалмен асырап, олардың денсаулығын күшейткен. Қымыз асқазан жарасына, аллергияға, өкпе туберкулезіне, бауыр ауруларына ем болған. Ол ағзаны тазартып, зат алмасуды жақсартады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Ғылыми зерттеулер қымыздың қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал ететінін де дәлелдеген.

Шұбаттың емдік күші

Әбу Әли ибн Сина айтқандай, пайдалы шөптердің көбі құмда өседі. Ал түйе сол жердің шөбімен қоректенетіндіктен, сүті ерекше шипалы. Шұбат құрамында ми мен жүйке жүйесіне пайдалы лактоза, диабет пен ісікке қарсы табиғи антиденелер бар. Ол өкпе ауруларына, асқазан сырқаттарына, қан аздыққа және әлсіреген ағзаны қалпына келтіруге қолданылады. Құрамындағы кальций, темір, магний мен мырыш сүйек пен бұлшық етті нығайтып, ағзаны жасартады.

Қалпына келу мен бұлшық ет өсіру

Жаттығудан кейін ағза ақуыз бен дәрумендерді қажет етеді. Қымыз бен шұбаттың құрамындағы белоктар, кальций, темір және магний бұлшық еттің қалпына келуін жылдамдатады. Бір литр шұбат ағзаның тәуліктік дәрумендік қажеттілігін толық өтей алады. Бұл — спортшылар үшін қымбат қоспалардың табиғи баламасы.

Салмақты реттеу

Фитнеспен айналысатындар үшін салмақты бақылау маңызды. Қымыз ағзаны тазартып, зат алмасуды жеделдетсе, шұбат салмақ қосуға көмектеседі. Осылайша әркім өз мақсатына қарай екі сусынды да тиімді қолдана алады.

Энергия мен төзімділік

Жаттығу кезінде көп энергия жұмсалады. Қымыз бен шұбат табиғи көмірсуларға бай болғандықтан, күш-қуатты тез қалпына келтіреді. Сонымен қатар, иммунитетті көтеріп, спортшының ұзақ мерзімді төзімділігін арттырады.

Ас қорыту мен метаболизм

Қымыз асқазан сөлін, ал шұбат ішек қызметін жақсартады. Бұлшық ет өсіруді көздеген спортшылар үшін қоректің дұрыс қорытылуы маңызды. Жаттығудан кейін ішілген сусын ағзаның қажетті заттарды тиімді сіңіруіне ықпал етеді.

Ұйқы мен жүйке жүйесі

Салауатты өмір салты тек спортпен ғана емес, дұрыс ұйқымен де байланысты. Шұбат жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқыны жақсартады. Бұлшық еттің өсуі мен ағзаның толық қалпына келуі дәл осы түнгі демалыс кезінде жүзеге асады.

Қымыз бен шұбат – ғасырлар бойы қазақ халқының денсаулығына қызмет еткен ұлттық сусындар. Қазіргі таңда олар фитнес пен спорт мәдениетінде табиғи ақуызды коктейль, күш-қуат беретін табиғи энергетик ретінде ерекше орын алуы тиіс. Дұрыс пайдаланылған жағдайда бұл сусындар дене сымбатын сақтап, иммунитетті көтеріп, ұзақ әрі салауатты өмір сүруге жол ашады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір