Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мидың жұмысын жақсартатын өнімдер белгілі болды

Шетелдік маман мидың жұмысына қажетті дәрумендерге бай тағамдарды атады.

Мидың жұмысын жақсартатын өнімдер белгілі болды
lenta.com

Дәрігердің сөзінше, миға ең алдымен В9 дәрумені қажет. Оны жапырақты көкөністерден, жасымықтан, спаржадан және авокадодан алуға болады.

Сонымен қатар В6 дәрумені де мидың дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл дәрумен күркетауық етінде, ноқатта, бананда және пістеде кездеседі.

Хавьер Кинтероның сөзінше ағзадағы D дәруменінің деңгейін де бақылау аса маңызды. D дәруменінің негізгі көздерінің бірі - майлы балықтар. Мысалы, скумбрия мен албырт балығы. Ал ағзаны В12 дәруменімен қамтамасыз ету үшін сүт өнімдерін, сиыр етін тұтынуға болады.

Сондай-ақ маман жұмыртқаны миға пайдалы өнімдердің бірі ретінде атады. Оның құрамында ми қызметіне қажетті бірқатар дәрумен мен қоректік заттар бар.

Дегенмен мидың қалыпты жұмысын сақтау үшін бір ғана өнімді ғана тұтынбай, рационды дәрумендермен және басқа да қоректік заттарға бай әртүрлі тағамдармен түрлендірген жөн.

Бұл туралы не ойлайсыз?