Мамандар иммунитетті нығайтатын өнімдерді атады
Дұрыс тамақтану кез-келген маусымда ағзаның қорғаныс қабілетін қолдауға көмектеседі.
Маманның айтуынша, күнделікті мәзірде көк шөптер, маусымдық көкөністер мен жемістер, сондай-ақ ақуызға бай тағамдар болуы керек. Алдымен тамақтану рационы әртүрлі әрі табиғи өнімдерге негізделгені жөн. Тұзы көп тағамдарды, ысталған өнімдерді, жартылай дайын тағамдар мен фастфудты шектеген дұрыс.
Иммундық жасушалар мен антиденелердің түзілуіне ақуыз қажет. Сондықтан маман сүт өнімдерін, тофуды, бұршақ, жасымық, құс еті мен балықты тұтынуға кеңес береді.
А, С және D дәрумендері қай өнімдерде бар?
Дәрігер иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірнеше дәруменнің маңызын атап өтті.
- А дәрумені: сәбіз, асқабақ, шпинат, брокколи, қызыл тәтті бұрыш, жұмыртқа және майлы балық.
- С дәрумені: апельсин, грейпфрут, киви, құлпынай, тәтті бұрыш және қарақат.
- D дәрумені: албырт, скумбрия, форель, жұмыртқаның саруызы, саңырауқұлақтар және дәрумендермен байытылған сүт өнімдері.
Маман ішек микрофлорасын қолдау үшін тірі бактериялары бар йогурт, айран, ашытылған қырыққабат тұтынуды ұсынды. Ал жасұныққа бай пияз, сарымсақ, банан, сұлы, тұтас дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар ішек жұмысына пайдалы.
Тәжірибелі маман дәрумендер мен минералды қоспаларды өз бетінше сатып алуға кеңес бермейді. Әсіресе D дәруменін шамадан тыс қабылдау ағзаға зиян келтіруі мүмкін. Қоспаларды қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.