
Италиялық "Ювентус" және Швейцария құрамасының шабуылшысы Алиша Леманн Instagram парақшасында кішкентай бикинимен түскен бейнежазбасын жариялап, жанкүйерлерін қуантып қойды.
26 жастағы футболшы қыз Дубай жағажайында демалып жүрсе де, спорттық жаттығуларын тоқтатпаған. Желіде тараған видеода ол кішкентай бикинимен күнге қыздырынып қана қоймай, доппен түрлі трюктер көрсетеді. Жаттығу кезінде спорттық топ пен шорты киген Алиша:
“Дубайдағы таңғы жаттығу” — деп жазба қалдырған.
Instagram желісінде 16,5 миллионнан астам жазылушысы бар Алишаның әрбір посты — нағыз ақпараттық оқиға. Оның жазбалары қысқа уақытта жүздеген мың лайк пен пікір жинайды. Жанкүйерлер сүйікті футболшысының әр сәтін жібермеуге тырысады.
Алиша Леманн тек жағажаймен шектеліп қалмай, спортзалдағы жаттығуларынан да үзінділер жариялап тұрады. Сонымен қатар ол түрлі фотосессиялардан ашық стильдегі кадрлар салып, өз аудиториясымен белсенді байланыста.