
Бүгін Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Испания қарсы шешуші матчқа шығады. Екі алыптың ойыны қалай аяқталады?
Футболсүйер қауымды бүгін үлкен тартыс күтіп тұр. Ұлттар лигасының финалында Испания мен Португалия құрамалары чемпиондық атақты сарапқа салады. Назарларыңызға екі команда жайлы статистикалық мәліметтер ұсынамыз.
Португалия құрамасы жартылай финалда Германияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Немістер есепті бірінші болып ашқанымен, Криштиану Роналду жеңіс голын салып, командасын финалға алып шықты.
Испания құрамасы да оңайлықпен өтпеді — Франциямен болған ойында есеп 5:4 болып, испандар минималды басымдықпен жеңіске жетті.
1/4 финал кезеңінде де қос құрама тартысты ойын көрсетті. Португалия Данияны қосымша уақытта жеңсе, Испания Нидерландыны тек пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Бір-біріне қарсы кездесулер:
Екі алыптың да бұл турнирде жеңіске жеткен тәжірибесі бар. Сондықтан бүгінгі матч жанкүйерлер үшін тек финал емес, Еуропа футболындағы нағыз классика болмақ. Кім озады? Бұл сұрақтың жауабын футбол алаңы көрсетеді.