
"Барселонада" кадрлық өзгерістер басталды. Жаңа бас жаттықтырушы Ханс-Дитер Флик тізгінді қолға алған сәттен-ақ, команда құрамын жаңартуға бел шешіп кірісті.
Жақын арада клубтан кетуі мүмкін деген футболшылар тізімі төмендегідей:
Аталған футболшыларға клуб басшылығы ресми түрде ескерту жасап, жаңа команда іздеуге рұқсат берген. Олардың кейбірі "Ла Масия, академиясының түлегі болса, енді біреулері негізгі құрамда өзін көрсетуге мүмкіндік алған еді. Осыған байланысты мұндай шешім көпшілік үшін күтпеген жағдай болды.
Өткен маусымда" Барселона" елеулі жетістікке қол жеткізді: Ла Лигада чемпион атанып, Испания кубогының финалында мадридтік "Реалды" жеңіп, қос трофейді қанжығасына байлады. Алайда жаңа жаттықтырушы бұл жетістіктерге қарамастан команданы жаңаша форматта құруды көздейді.
Фликтың келуімен тактикалық өзгерістер мен кадрлық реформалар жалғасуы мүмкін. Бұл — "Барселонада" жаңа дәуірдің басталуы деген сөз.