Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Қайрат" тағы да жанкүйерлерінің жүйкесін жұқартты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.06.2025, 20:15

Футболдан ҚПЛ-дің 13-турында "Қайрат" Петропавлдың "Қызылжарын" қабылдады. 

Жаңғылышбайдың қатесі матч тағдырын шешті 

Ойынның 31-минутында “Қызылжар” ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбай әуедегі допқа талас кезінде Александр Мартыновичтің басына ауыр соққы жасап қойды. Осы сәт үшін төреші қызыл қағаз көрсетіп, солтүстікқазақстандықтар бір ойыншыдан айырылды.

Осыдан кейін ойын толық “Қайраттың” бақылауында өтті. Бірақ бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Громыконың алыстан соққысы үш ұпай әкелді 

Екінші таймда алматылықтар допты бақылауда ұстап, қарсыласты тығырыққа тіреді. Жанкүйерлер күткен гол 72-минутта келді. Валерий Громыко орта қашықтықтан керемет соққы жасап, қақпаны дәл көздеді. Бұл гол матчтағы жалғыз әрі шешуші соққы болды.

“Қайрат” көшбасшылар қатарында келеді

Осы жеңістен кейін “Қайрат” 30 ұпаймен “Астанамен” теңесті. Ал “Қызылжар” 14 ұпаймен ҚПЛ кестесінің 8-сатысында қалып отыр.

“Қайрат” (Алматы) — “Қызылжар” (Петропавл) 1:0 (0:0)

Гол: Громыко 72’

Қызыл қағаз: Жаңғылышбай 31’

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір