Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Тобыл" үздік үштікке енді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.06.2025, 22:06

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турында Қостанайдың "Тобылы" өз алаңында талдыкорғандық "Жетісуды" қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

kazfootball.kz
kazfootball.kz

Қостанайдағы сенімді жеңіс

Бұл жеңіс "Тобылға" маусымдағы ең маңызды серпін беріп, турнирлік кестеде үздік үштікке кіруге мүмкіндік берді.

Ойын барысында қостанайлықтар матчты асықпай бастап, өз мүмкіндігін күтіп отырды. Бірінші таймның ортасында есеп ашылды. 19-минутта Ислам Чесноковтың айып алаңының ортасына жасаған пасына бірінші болып жеткен Жасұлан Жұмашев есеп ашты.

Екінші таймдағы сенімділік пен қысым

Екінші таймда алаң иелері ойын тізгінін толық қолға алды. 72-минутта "Тобылдың" шабуылшысы Ислам Чесноков мергендігімен көзге түсті.

Ойын соңына қарай "Жетісу" бар күшін шабуылға жұмсап, 81-минутта Владимир Боловтың соққысымен бір гол соқты. Алайда бұл тек статистиканы түзеуге жетті.

Турнирлік жағдай

Осы жеңістің арқасында "Тобыл" 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде 3-орынға көтерілді. Ал "Жетысу" 10 ұпаймен 13-орында, яғни турнир кестесінің төменгі жағында қалып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір