Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Моуриньоның клубында допинг дауы

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 20:59

Француз шабуылшысы Аллен Сен-Максимен "Фенербахче" клубында жүргенде допинг салуға мәжбүр болғанын ашық айтты.

matchtv.ru
matchtv.ru

Футбол әлемін дүр сілкіндірген жанжал. Француз шабуылшысы Аллен Сен-Максимен “Фенербахчеде” басынан өткерген ауыр тәжірибесін жария етіп, жанкүйерлер арасында үлкен резонанс туғызды. 

Моуриньоның клубындағы күмәнді әрекеттер

Қазір Сауд Арабиясындағы “Әл-Ахли” сапында өнер көрсетіп жүрген Сен-Максимен бір жыл бұрын “Фенербахчеде” ойнаған. Оның айтуынша, клуб тарапынан адамгершілік қатынас болмаған және денсаулығына зиян келтіретін күмәнді медициналық шаралар жасалған.

“Мен – әділ адаммын. Бұл мәлімдемем ешкімді қорқыту емес, тек шындықты айту. «Фенербахчеде» маған түсініксіз препараттар салуға тырысты. Бұл менің денсаулығыма ғана емес, психологияма да теріс әсер етті. Онда тек матч маңызды. Ал адам ретінде маған ешкім қолдау көрсеткен жоқ”, – деді футболшы.

Аллен Сен-Максимен Фото: Oxu.Az

Клубтың ресми жауабы

Сен-Максименнің сөздері көп өтпей-ақ “Фенербахче” клубының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге себеп болды:

“Сен-Максименнің әлеуметтік желідегі мәлімдемелерін алаңдаушылықпен қабылдадық. Оның ем-домына байланысты фактілерді бұрмалауы – клуб абыройына нұқсат түсіру әрекеті. Біз бұл жөнінде барлық заңды шараларды қолданатын боламыз”, – делінген мәлімдемеде.

2024 жылдың ақпан айында Сен-Максимен клуб ішінде өзін мәжбүрлі допингпен байланыстыруға тырысқанын айтқан. Бұл сөздер қоғамда наразылық туғызып, жанкүйерлер арасында түрлі пікір қалыптастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір