
Леандро Троссард жазғы трансферлік науқанның басты кейіпкеріне айналды. Лондондық «Арсеналдың» бельгиялық вингері үшін енді Италияның екі алпауыты таласқа түсті.
Бұған дейін бельгиялық футболшыға қызығушылық танытқан клубтар қатарында Түркияның «Фенербахче» мен Германияның «Боруссия Дортмунд» ұжымы аталған болатын. Енді бұл тізімді екі италиялық гранд — «Наполи» мен «Аталанта» толықтырды.
TBR Football порталының мәліметінше, «Наполи» Троссардтың кандидатурасын Дану Ндоймен "Болонья" келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін қарастыра бастаған. Неапольдік клуб шабуыл шебін күшейту үшін дәл осы профильдегі ойыншыны қажет деп санайды.
Ал бергамолық «Аталанта» өз кезегінде Адемола Лукманның ықтимал кетуіне дайындық жасап жатыр. Ағылшын футболшысы «Интермен"келісімге келуі мүмкін деген ақпарат тараған. Осы ретте клуб басшылығы Троссардты сол позицияға лайықты ойыншы ретінде қарастыруда.
Футбол статистикасы мен трансферлік бағалау платформасы Transfermarkt мәліметіне сәйкес, Леандро Троссардтың нарықтық құны — 22 миллион еуро. Оның «Арсеналмен» жасасқан келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Бұл трансферлік келіссөздерді күрделендіруі мүмкін, алайда қызығушылық танытқан клубтар қаржылай ұсыныстарын дайындап жатқан көрінеді.