Қазақ жасөспірімдері Еуропаны шулатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Slovenia Nations Cup-2025 турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті. Бұл жолы біздің жігіттер Шотландияны тізе бүктіріп, матчты 2:1 есебімен өз пайдасына жаза білді.

Қазақ жасөспірімдері Еуропаны шулатты (ВИДЕО)
Instagram/@kff_jastar

Жеңіске жетелеген матч

Кирилл Кеккердің шәкірттері алғашқы ойында БАӘ құрамасын 4:0 есебімен жеңген. Осылайша жас қазақстандық футболшылар турнирдің фавориттері қатарына қосылды.

Шотландияға қарсы ойында да біздің ойыншылар сенімді өнер көрсетіп, шешуші сәттерді тиімді пайдаланды.

Алда Исландия

Жасөспірімдер құрамасы үшін соңғы сынақ – Исландиямен кездесу. Бұл матч 9 қыркүйекте сағат 20:00-де өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер команданың жеңісті дәстүрді жалғастыратынына үміт артып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір