Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Қымыздың құдіреті!» Нигериялық шабуылшы қазақ сусынының арқасында гол соғып жүр (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:58

Енді оның командасы түгел матч алдында қымыз ішуді дәстүрге айналдырмақ.

Sports24.kz
Sports24.kz

Башқұртстанның «Уфа» клубында өнер көрсететін нигериялық шабуылшы Уильямс Чимези гол соға алмай жүрген ұзақ сәтсіз сериясын қымыздың арқасында тоқтатты. Енді бүкіл команда мұны сәттілікке балап, жаппай қымыз ішуге көшкен. 

Қымыз бен алғашқы гол

19 жастағы нигериялық футболшы алғашқы төрт ойында гол соға алмай біраз сынның астында қалған еді. Алайда 30 тамыз күні «Чайкаға» қарсы матчта ол ақыры есеп ашып, жанкүйерлерін бір қуантты.

Бір апта өткен соң бұған не себеп болғаны белгілі болды. Клуб басшылығы құпияны ашты: Чимези қазақтың ұлттық сусыны – қымызды ішіп жүр екен. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада ол шөлін қымызбен қандырып отырғаны көрсетілді. Ролик тез таралып, қымыздың «сиқыры» туралы түрлі болжамдар айтылды.

Ғылыми түсініктеме

Нутрициолог Александр Степаненконың айтуынша, қымыз спортшылар үшін нағыз энергия көзі:

«Қымыздағы жеңіл сіңетін сарысу ақуызы бұлшықетке тез жетіп, ойын кезіндегі зақымдарды қалпына келтіреді. Ол кәдімгі сүтке қарағанда әлдеқайда жылдам әсер етеді», – дейді маман.

«Уфа» клубының бас директоры Марат Шмаков болса, бұл жаңалықты әзіл мен шындықтың арасына салып жеткізді:

«Чимезидің голынан кейін бүкіл команда қымыз ішуді бастады. Енді әр матч алдында осы сусынды қолданамыз. Біз сенеміз – нәтиже болады!» – деді ол.

Дегенмен «сиқырлы сусын» әзірге «Уфаны» толық құтқара қойған жоқ. «Чайкаға» қарсы жеңістен соң команда «Торпедомен» тең түсіп, «Черноморцтан» 3:2 есебімен ұтылды.

Бірақ футболшылардың қымызға деген сенімі жоғалмаса керек. 

Айта кетейік

Бұл оқиға қымыздың спорттағы рөліне қатысты алғашқы мысал емес. Бұған дейін Naiza MMA лигасының басшысы Нұрбек Қарабала қымыз бен қазыны UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың күш-қуатының құпиясы деп атаған. Ал Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Абинур Нұрымбет бала кезінде ата-анасы қымызды жиі ішкізгенін айтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір