
Аргентиналық жұлдыз Лионель Месси бейнеленген сирек коллекциялық карта аукционда 1,5 миллион долларға сатылды.
Аргентиналық аңыз Лионель Месси бейнеленген коллекциялық карта аукционда 1,5 миллион долларға (810 млн теңге) сатылып, футбол тарихындағы жаңа рекорд орнатты.
Бұл сома футбол карталары тарихында бұрын-соңды болмаған ең жоғары баға болып тіркелді. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы орнатылған еді: сол кезде Пеле бейнеленген карта 1,33 миллион долларға сатылған.
Сирек кездесетін Panini 2004–2005 жылғы топтамасынан алынған бұл карта өте құнды саналады. Себебі дәл осы маусымда небәрі 17 жастағы Месси «Барселона» сапында негізгі құрамда дебют жасап, өз дәуірінің басталғанын жариялаған болатын. Коллекционерлер үшін супержұлдыздардың алғашқы кезеңдегі карталары аса жоғары сұранысқа ие.
Бүгінде 38 жастағы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнайды. Оның спорттық жолындағы басты жетістіктеріне тоқталсақ: