ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Футбол әлемін дүр сілкіндірген түн: Усман Дембеле мен Айтана Бонмати бас жүлдені алды

Париждегі Шатле театрында 2025 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімі өтті. Әлемнің үздік футболшыларына берілетін басты жүлдемен қатар маусым қорытындысы бойынша өзге де атаулы сыйлықтар табысталды.

Футбол әлемін дүр сілкіндірген түн: Усман Дембеле мен Айтана Бонмати бас жүлдені алды
frenchfootballweekly.com

Ерлер арасындағы жеңімпаздар

Алтын доп иегері: Усман Дембеле («ПСЖ», Франция құрамасы).

Трофей Копа (үздік жас ойыншы): Ламин Ямаль («Барселона»).

Яшин трофейі (үздік қақпашы): Джанлуиджи Доннарумма («Манчестер Сити» / экс-«ПСЖ»).

Герд Мюллер трофейі (үздік мерген): Виктор Дьёкереш («Арсенал» / «Спортинг»).

Үздік бапкер: Луис Энрике («ПСЖ»).

Жылдың үздік клубы: «ПСЖ».

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар

Алтын доп иегері: Айтана Бонмати («Барселона», Испания құрамасы).

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар
Айтана Бонмати. ФОТО: france24.com

Трофей Копа (үздік жас ойыншы): Вики Лопес («Барселона»).

Яшин трофейі (үздік қақпашы): Ханна Хэмптон («Челси»).

Герд Мюллер трофейі (үздік мерген): Эва Пайор («Барселона»).

Үздік бапкер: Сарина Вигман (Англия құрамасы).

Жылдың үздік клубы: «Арсенал».

Арнайы марапат

«Сократес» сыйлығы – футболдан тыс қоғамдық қызметке арналған. Бұл жолы марапат Xana Foundation қорына табысталды. Қорды «ПСЖ» бапкері Луис Энрике марқұм болған қызы Ксананың құрметіне құрған. Ұйым онкологиялық және ауыр дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?