Футбол
Бөлімдер

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИФА президенті Инфантиномен кездесті

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады, - деп хабарлайды Penalty.kz, Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИФА президенті Инфантиномен кездесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИФА президенті Инфантиномен кездесті

Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Бұл туралы не ойлайсыз?