Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Бұл тек бастамасы»: Хаби Алонсо «Реалдың» ойыны туралы пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
24.09.2025, 13:48

Жылдың ең күтулі ойынына — «Қайрат» пен «Реалдың» кездесуі жақындап қалды. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясындағы матч 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

«Бұл тек бастамасы»: Хаби Алонсо «Реалдың» ойыны туралы пікір білдірді
Хаби Алонсо

«Корольдік клубтың» бас бапкері Хаби Алонсо командасының қарқыны мен дайындық деңгейіне тоқталды. Кеше ғана мадридтіктер Ла Лигада «Левантені» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл — маусым басынан бергі олардың алтыншы жеңісі.

“Біз әлі де мықты іргетас қалап жатырмыз. Негізгі мақсатымыз — Чемпиондар лигасында, Ла Лигада және Испания кубогында бәсекеге қабілетті болу. Бұл тек бастамасы,” — деді Алонсо.

Чемпиондар лигасындағы жағдай

Еурокубоктағы алғашқы турда «Реал» «Марсельді» жеңіп, алғашқы ұпайларын еншілеген еді. Енді оларды 6000 шақырымнан асатын ұзақ сапар күтіп тұр. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы жол жүру ауыртпалығы «Қайратпен» кездесуде айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.

“Жақсарта алатын тұстарымыз бар. Жетістікке апаратын жол — жақсы нәтижелер және еңбек. Бұл тек бастамасы, біз әрдайым абыроймен өнер көрсеткіміз келеді”, — деп хабарлады Алонсо Marca басылымына берген сұхбатында.

Алматыдағы аншлаг

Айта кетейік, «Қайрат» кеше 17:00 де билеттерді сатылымға шығарған болатын. Барлық билеттер әп-сәтте сатылып кетті. 23 мыңнан астам жанкүйерге арналған “Орталық” стадионға көрермен толық жиналатыны сөзсіз. Матч кезінде стадионда ине шаншар орын болмайды. Ойын 30 қыркүйек күні, сағат 21:45-те Алматы қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір