Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жас Шерхан Қалмырзаның сирек кадрлары табылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 23:23

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза бала кезінен телебағдарламаға қатысқаны белгілі болды. 

Жас Шерхан Қалмырзаның сирек кадрлары табылды
instagram/@f.c.kairat

«Шытырман» бағдарламасындағы алғашқы қадамдар

Желіде жарияланған бейнежазбада жас қазақстандық футболшының «Шытырман» бағдарламасына қатысқан сәттері көрсетілген. Кадрларда кішкентай Шерхан өзінің басты жанкүйерлері анасы мен достары екенін айтып береді. Сондай-ақ бейнежазбада оның мадридтік «Реалға» қарсы ойынының үзінділері көрсетілген.

Еуропада көзге түскен қақпашы

18 жастағы алматылық қақпашы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ерекше өнерімен көпшіліктің назарын аударды. «Қайраттың» негізгі құрамындағы бар-жоғы екінші ойынында Шерхан қақпада сенімді ойын көрсетті.

Алғашқы турда португалиялық «Спортингке» қарсы өткен кездесуде Қалмырза жанкүйерлерге өзін танытты.

Екінші турда мадридтік «Реалға» қарсы өткен ойында жас қақпашы төрт сейв жасады. Оның бірі турдың үздік сэйвтері қатарына енді.

Шерхан Қалмырза бүгінде жанкүйерлер арасында «Қайраттың болашағы» деп аталып жүр. Оның кәсіби деңгейде жылдам өсіп келе жатқаны Қазақстан футболының жаңа толқынына сенім береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір