
Соңғы күндері қазақстандық футбол жанкүйерлері арасында Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға қатыспауы кеңінен талқыланып жатыр.
Көпшіліктің айтуынша, ойыншы күдікті жарақатқа сілтеп, Қазақстан құрамасына шақырту алғанына қарамастан ойнаудан бас тартқан. Алайда бұл жағдайға ресми түсініктеме беріліп, нүкте қойылды.
17 жастағы шабуылшы Астанаға арнайы келіп, қосымша медициналық тексеруден өтті.
ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеріс нәтижесінде ойыншыда жарақат белгілері анықталған. Осыған байланысты ұлттық құраманың жаттықтырушылар мен медициналық штабы бірлесіп шешім қабылдап, Сәтпаевты алдағы екі ойынға қоспау туралы шешім шығарған.
Бұл шешім — жас футболшының денсаулығын сақтау және толық қалпына келуіне мүмкіндік беру мақсатында қабылданған.
ҚФФ мәлімдеуінше, құраманың әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне шығу мүмкіндігі бұған дейін-ақ жоғалған. Сондықтан басты басымдық — жас ойыншылардың тәжірибесін арттыру мен команданың келешегін қалыптастыру болып отыр.
Қазақстан құрамасы қалған екі ойынды өткізеді:
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» клубының ардагері Құралбек Ордабаев әлеуметтік желіде Дастан Сәтпаевты қорғап, оған қарсы айтылған сын пікірлерге жауап берген болатын.
«Бұл — талантты жас, ол әлі үлкен футболда өзін көрсетеді. Ерте сын айту — әділетсіз», — деп жазды Ордабаев.