Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Юнайтед» пен «Пэлас» Беллингемге көз тікті

Сарапшы, спорт журналисі

Жас талант Англияға ауыса ма?

«Юнайтед» пен «Пэлас» Беллингемге көз тікті
Vesti.kz

20 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысы Джоб Беллингемнің Германиядағы мансабы көпшілік күткендей өрбіген жоқ. Ол ағасы Джуд секілді «Сандерлендтен» кейін жоғары лигаға секіріс жасап, дортмундтық «Боруссияға» ауысқан еді. Бірақ жаңа клубта өз орнын табу оңай болмай тұр.

Беллингем осы маусымда 8 матчқа қатысып, барлығы 281 минут қана алаңда өткізді. 3 кездесуде ғана ойынды негізгі құрамнан бастады. Нәтиже де көңіл көншітпейді — ешқандай гол не пас тіркелмеген.

Фанаттар мен сарапшылар сынға алып жатқанда, ойыншының ата-анасы клуб басшылығымен және бас бапкер Нико Ковачпен келіспей қалғаны айтылды.

Ағылшын клубтарының назары

Беллингемнің осындай жағдайы Англия клубтарының назарынан тыс қалмады. Bild мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» пен «Кристал Пэлас» жас таланттың жағдайын бақылап отыр және егер ол Дортмундтан кетуге шешім қабылдаса, келісім жасауға дайын.

«Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим Беллингемнің ойынын жоғары бағалап, оны өз тактикасына мінсіз сай келетін ойыншы деп санайды.

Қызық факт

Джоб ағасы Джуд Беллингемнің жолымен жүруді армандаған. Джуд дәл осы «Боруссиядан» «Реал Мадридке» ауысып, әлемнің ең үздік ойыншыларының біріне айналды. Алайда Джоб әзірге сол деңгейге жетудің алғашқы кезеңінде тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір